Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Табиғаттағы сабақ

Табиғаттағы сабақ

Оқу жоспарына сәйкес 2017 жылдың қазан айында Кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары В.И.Зейбель, Б.К.Мамытов, А.Ш.Жиембаев «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 401,402,403 топ студенттерімен «Туризм оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабағын бір күндік жорыққа шығу арқылы Қарғалы өзені бойында өткізді.

Сабақ барысында студенттер келесі туристтік тәсілдерді үйренді: үйшіктерді бұзып құру, өткелден өту, от жағу, тамақ пісіру, суға батқан, жарақат алған саяхатшыға бірінші дәрігерлік көмек көрсету, карта және компаспен жұмыс жасау, жарақат алған саяхатшыны тасымалдау әдістерін және басқада пән бойынша өмірге қажетті әдістемелерді игеріп үйренді.