Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Комиссияның кезекті отырысы нәтижелі өтті

Комиссияның кезекті отырысы нәтижелі өтті

Күні  кеше Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының әйелдер ісі жөніндегі Комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Жиынға комиссия мүшелері қатысты. Бейнебайланыс режимінде өткен Комиссия отырысында Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева сөз алып, Комиссия жұмысына сәттілік тіледі.

Жиында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекші әйелдер ісі жөніндегі Комиссиясы туралы ереже, Комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары және Комиссия төрағасы мен хатшысын сайлау туралы мәселелер қаралды.

Комиссия мүшелері ұсыныстарын ортаға салып, өз тілектерін білдірді. Сонымен қатар бірауыздан Комиссия ережесін бекітті.

Жиын қорытындысында  Жұбанов университетінің  Кәсіподақ төрайымы Ольга Сұлтанғалиева Салалық кәсіподақтың әйелдер ісі жөніндегі комиссияның мүшесі болып  сайланды.

Сөз кезегін алған Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшысы, әйелдер ісі жөніндегі Комиссия мүшесі Ольга Сұлтанғалиева өз ойын  ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.