Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет профессоры ҚР БҒМ грантын жеңіп алды

Университет профессоры ҚР БҒМ грантын жеңіп алды

Жұбанов университетінің профессорлары Қазақстан Республикасы жалпы білім беру мектебінің орта сыныптарында «Дене шынықтыру» пәні бойынша мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асырудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу бойынша жұмыс жасайтын болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі университеттің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі, профессор Төлеген Ботағариевтің бұл жобасын  үздіктер қатарына қосып, 36 ай іске асыру мерзімімен гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетті.

Университет ұжымы Төлеген Ботағариветің  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыру конкурсында ұсынған жобасының сәтті өтуімен құттықтайды.