Вторник, Октябрь 26, 2021
Басты > Жаңалықтар > Студенттерге арналған стипендия

Студенттерге арналған стипендия

Бухарест қаласындағы Политехникалық университеті 2021-2022 оқу жылында UPB шетел тілдері инженериясы факультетінің аясында ағылшын тіліндегі бакалавриат бағдарламалары үшін қазақстандық студенттерге 4 стипендия ұсынады.

UPB Румынияның жетекші ғылыми-зерттеу және білім беру университеттерінің бірі болып табылады.

Анықтама: мамандықтар арасында — машина жасау; химиялық машина жасау; қолданбалы электроника; компьютерлер, ақпараттық технологиялар және т.б. Сонымен бірге, конкурстық іріктеуден өткен қазақстандық студенттер үшін UPB жеңілдіктер ұсынады — бүкіл оқу кезеңі ішінде университеттік алымдарды төлеуден босату және университет жатақханаларында тұрғаны үшін 10% жеңілдік.

Осы орайда, UPB-де оқуға қызығушылық білдірген студенттер болған жағдайда немесе университеттпен басқа да ынтымақтастық орнатуға қызығушылық болғанда Қазақстан Республикасының Бухарест қаласындағы Елшілігіне (consul.bucharest@mfa.kz) хабарлауды сұраймыз.

Бұдан басқа, UPB ықтимал талапкерлерді үстіміздегі жылдың 1-5 наурыз аралығында  оқу бағдарламалары туралы онлайн-презентацияға қатысуға шақырады (https://international.upb.ro/news-and-events/view/event/en-a-peek-into-the-upbstudy-programs).