Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Чемпион атанды

Чемпион атанды

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің 1-курс студенті Дәулет Жалғасов жастар арасында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы атанды.

Осы күндері Ақтөбе  қаласында өтіп жатқан чемпионатқа еліміздің 14 облысынан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 200-ден астам спортшы қатысуда.

Балуандар 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жеңімпаздар Қазақстан құрамасына еніп, Азия және әлем чемпионаттарында өнер көрсетеді.