Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Кітапханадағы ашық есік күні

Кітапханадағы ашық есік күні

2017 жылдың 26 қазан күні Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ  ғылыми кітапханасында  дәстүрлі «Кафедра күні» аясында Экология факультетінің оқырмандарына арналған Ашық есік күні болып өтті. 

Ашық есік күні — кітапханада дәстүрге айналған кітапхана жұмысын насихаттау,  кітапхананың қорындағы  барлық мамандықтар саласына арналған жаңа оқулықтар мен электрондық  басылымдармен оқырмандарды хабардар ету.

Ашық есік күніне жаратылыстану факультетінің Экология кафедрасының меңгерушісі, профессор-оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Көрмеге экология мамандығын дайындауға қажетті оқулықтармен қатар, экономика, педагогика, тарих, мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш сыныпта оқыту, дене тәрбиесі және  т.б. пәндер  бойынша 50-данадан аса жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.

Шара кезінде библиограф Гүлзат Шаншарова кітап көрмесіне шолу жасап, электрондық каталогпен жұмыс істеу процесі туралы толық мәлімет берді.

Шара барысында Ақпараттық-библиографиялық бөлім меңгерушісі Дамелия Таубатырова: «Кітапханаға жылына 30 мыңнан аса жаңа кітаптар келіп тұрады. Жаңа басылымдардың барлығы бүгін келушілер назарына ұсынылып отыр»,- деді.

Ашық есік күніне келуші әр оқырманға жарық көрген  жаңа кітаптармен қатар, электрондық оқулықтар таныстырылып, кітапхана жұмысының жұмыс барысы көрсетілді.