Воскресенье, Сентябрь 24, 2023
Басты > Жаңалықтар > Математика пәнінің мұғалімдеріне арналған байқау!

Математика пәнінің мұғалімдеріне арналған байқау!

Жұбанов университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты  Жеткербай Қайдасовтың 70 жылдығына орай «Математика» кафедрасы «Өмірдің кәсіби сатыларымен жоғары өрлеу» педагогикалық студия аясында Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер мен колледждерінің математика пәнінің мұғалімдеріне арналған конкурс өткізеді.

Педагогикалық студия – бұл үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі кәсіби оқыту, жетілдіру және тәжірибе жүргізудің бір түрі,оның маңызды белгісі кәсіби ойлау мен кәсіби шеберлікті игерудің ажырамас байланысы болып табылады.

 Мақсаттар:

  • математика мұғалімдерінің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау;
  • геометрияны оқытудың жаңа идеяларын, бастапқы формаларын және әдістерін іздеу;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
  • озық педагогикалық тәжірибені тарату.

 Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі:

Педагогикалық студияның форматы екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең (іріктеу) геометрия пәнінен панорамалық сабақтың презентациясымен  таныстыру  материалдарын 2021 жылдың 26 наурызға дейін келесі электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс:  pedstudio21@gmail.com

Екінші кезең (қорытынды, сырттай) – «Геометриядан ең үздік видеосабақ» конкурс

 Педагогикалық студия жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына 2021 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей презентацияны Pdf форматында жіберуді сұраймыз (6 слайд).

Файл атауы қатысушының фамилиясына сәйкес келуі керек. Бірінші слайдта келесі ақпарат болуы керек: қатысушының ТАЖ, мекеме атауы, байланыс телефоны, электронды поштасы, сабақ тақырыбы.

Бейнесабақтар конкурсына (конкурстың екінші кезеңі) іріктеу турынан өткен педагогтер қатысады. Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін 2021 жылғы 16 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына конкурсқа қатысушылар өздерінің бейнесабақтарын жіберуі қажет.

Негізгі талаптар:

ең аз мөлшері (720х480) арақатынасы (16:9);

— mp4 форматта;

— бейнематериалдың хронометражы 20 минутқа дейін.

 Презентацияның соңында төленген түбіртекті (электрондық көшірмесімен) тіркеуіңізді сұраймыз. Ұйымдастыру жарнасы  — 1500 теңге.

Барлық конкурстық материалдар конкурстың қазылар алқасы жүзеге асыратын сараптамадан өтеді. Байқау қорытындысы 2021 жылдың 21 сәуірінде шығарылады. Байқау нәтижелері Қ. Жұбанов атында АӨУ сайтында ұсынылады.

Педагогикалық студия жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдар беріледі, олар қажет болған жағдайда мәліметтерде көрсетілген қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.

Ұйымдастыру комитеті педагогикалық студия тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп жіберілген немесе ережелерге сай емес рәсімделген материалдарды қабылдамауға құқылы.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ ҮШІН РЕКВЕЗИТТЕР

Қабылдаушы

ҚР білім және ғылым Министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік   университеті

Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы

030000, Ақтөбе қаласы, Ә. Молдағұлова даңғылы, 34

Қабылдау банкі:

БИН 130840021720

ИИК KZ476010121000035330

в АО «Народный банк Казахстана» БИК HSBKKZKX, КБЕ 16

Төлем мақсаты Конференция материалдары үшін мақсатты жарна

 

Конференцияға келумен байланысты шығындар қатысушылар мен жіберуші ұйымның есебінен жүзеге асырылады. 

Ұйымдастырушылар: Физика-математика факультеті

Математика кафедрасы

Тлеубергенова Мадина Альмуханқызы Тел.+7(707)7470240

Сарман Акмарал Досмұхаммедқызы +7(701)3714067