Суббота, Апрель 10, 2021
Басты > Ел жаңалықтары > Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады?

Наурызда қазақстандықтар 12 күн демалса 19 жұмыс істейді.

·   8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

·   22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні (21-22 наурыз)

Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады

Биыл 8 наурыз дүйсенбіге келеді, сондықтан қазақстандықтар бұл мерекеде 3 күн – 6, 7, 8 наурыз (бес күндік жұмыс аптасында) демалады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 7 және 8 наурыз болады.

Қазақстандықтар 22 наурызда қалай демалады

Наурыз мерекесі, яғни 21 наурыз жексенбіге келеді, сондықтан демалыс күні 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылады.

Нәтижесінде биыл Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалады — 20, 21, 22, 23, 24 наурыз (бес күндік жұмыс аптасында).

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 21, 22, 23, 24 наурыз болады.

Осылайша 25 наурыз бейсенбіде жұмысқа шығамыз.

 

/baq.kz/