Суббота, Апрель 10, 2021
Басты > Жаңалықтар > Оқушыларға қолдау көрсетеді

Оқушыларға қолдау көрсетеді

Жұбанов университетінің педагогика факультетінің оқытушылары мен студенттері гуманитарлық колледждің педагогтарымен бірлесіп үлгерімі төмен оқушыларды қолдаумен айналысады.

Бұл ретте 9-11 сынып оқушылары  мен студенттердің жұмысына бағытталған «Демалыс мектебі» жобасы іске қосылды. Жобаны Жұбанов университетінің «Зерек» балаларды дамыту орталығы үйлестіреді.

Бүгінгі күні үлгерімі төмен мектеп оқушыларына қолдау көрсету бойынша жоспар құрылып, онлайн-сабақтардың онкүндіктері ұйымдастырылған. Сондай-ақ,  үздік студенттер репетиторлық жұмысқа тартылған.

Айта кетейік, бүгінде университеттің педагогика  факультетінің мамандары 21, 24, 27, 39, 40, 64, 69, 72 мектептің пән мұғалімдерімен белсенді жұмыс жасайды. Бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша мұндай әдістемелердің тиімділігі және оларды әрі қарай  іске асыру мүмкіндіктері туралы айтылады.