Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Келелі мәселелер талқыланды

Келелі мәселелер талқыланды

Бүгін Жұбанов университеті ректорының міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының докторы  Рахым Бекназаров Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры,  тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаевпен, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғалимен және басқа да ғалымдармен кездесті.

Кездесу барысында этнографиялық, археологиялық және табиғи киелі ескерткіштерді жүйелеуге, жан-жақты сипаттауға қатысты мәселелер көтерілді.

Басқосуға жиналғандар  «Ақтөбе облысының киелі жерлерінің географиясы» атты иллюстрацияланған мамандандырылған каталогты басып шығару мәселелерін талқылады.