Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауы

Жұбанов университеті  — «Физика» пәні бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық конкурсының II кезеңін ұйымдастыру және өткізу үшін базалық жоғары оқу орны болып белгіленді.

Студенттер конкурстың  II кезеңіне қатысуға шақырылады. Конкурсқа қатысушылар университетішілік турдың қорытындысы бойынша ең үздік  жұмыстарды 2021 жылдың 26 ​​наурызына дейін жіберуі қажет.

Конкурсқа қатысу үшін жұмыстар «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдар» талаптарына сәйкес рәсімделген жұмыстар төмендегі мекенжай бойынша («СҒЗЖ республикалық конкурсына» деген белгімен) қабылданады.

Жұбанов университеті, 030000, Ақтөбе қаласы, Ағ. Жұбановтар көшесі № 265 үй.

Байланыс телефондары: 8 7132 543513;  8 771 818 4904; 8 777 271 7712