Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің құттықтауы

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің құттықтауы

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді шын жүректен көктемнің ең жарқын мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Мереке күні барша қазақстандық әйелдерге деген құрметімді білдіргім келеді.
«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген даналық сөз бар. Яғни, әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық саласында ер азаматтармен иық тірестіріп, қоғам игілігі үшін қызмет атқарып жатыр.

Осы орайда білім және ғылым саласындағы нәзік жандыларды ерекше құттықтаймын.

Бүгінгі таңда білім беру саласында қыз-келіншектердің қатары қалың екені белгілі.

Сіздердің иықтарыңызға балаларымызды оқыту мен тәрбиелеу жауапкершілігі артылады. Бойларыңыздағы даналық пен шыдамдылық балаға өз күшіне сеніп, табысқа жетуіне көмектеседі.

Елдегі ғалымдарымыздың да жартысынан көбі әйелдер. Олар қазақстандық ғылымының дамуына сүбелі үлестерін қосып келеді.

Қымбатты арулар!

Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!