Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ардақты аналар, аяулы арулар!

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді.

Әйел бақыты — жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу. Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген.

Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да Әйел-аналар қауымы!

Елбасының «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деген сөздері ананың қадірін біліп, асыл қасиетін түсінуге үндейді, мемлекет және қоғам болып аналарымызды алақанға салып аялауға шақырады.

Мемлекетіміздің жеткен жетістіктеріне нәзік жандылардың қосқан үлесі зор. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие.

Бүгінгі мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.

Құрметпен,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының міндетін атқарушы, профессор
Рахым Бекназаров