Суббота, Июль 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Оқушыларға қолдау

Оқушыларға қолдау

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің педагогика факультетінің оқытушылары мен студенттері гуманитарлық колледждің педагогтарымен бірлесе отырып үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасауды бастайды. Бұл туралы университеттің баспасөз бөлімі хабарлады. 

Осы орайда 9-11 сынып оқушылары  мен студенттердің атқарған жұмысына бағытталған «Демалыс мектебі» жобасы іске қосылды. Жобаны Жұбанов университетіне қарасты «Зерек» балаларды дамыту орталығы дайындайды.

Бүгінгі күні үлгерімі төмен мектеп оқушыларына қолдау көрсету бойынша жоспар құрылып, онлайн-сабақтардың онкүндіктері ұйымдастырылған. Сондай-ақ,  үздік студенттер қатарынан көрініп жүргендер осы жоба аясында репетиторлық жұмысқа тартылады.

Айта кетейік, бүгінде университеттің педагогика  факультетінің мамандары 21, 24, 27, 39, 40, 64, 69, 72 мектептің пән мұғалімдерімен белсенді қарым-қатынас орнатып отыр.  Мұндай әдістемелердің тиімділігі және оларды әрі қарай  іске асыру мүмкіндіктері туралы бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша айтылатын болады.

 

Шолпан НҰРЛАНҚЫЗЫ,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4-курс студенті

 

https://aqtobegazeti.kz/?p=98569