Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бос лауазымдарға конкурс  жарияланады

Бос лауазымдарға конкурс  жарияланады

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төмендегі бос лауазымдарға конкурс  жариялайды:

  1. Бас оқу ғимаратының администраторы
  2. №3 оқу ғимаратының администраторы;
  3. №6 оқу ғимаратының администраторы;
  4. №3 Студенттер Үйінің меңгерушісі

 

Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова, 34.

 

Қызметінің негізгі міндеті мен мақсаты:   Оқу ғимаратының  тиісті санитариялық жай-күйінің сақталуын бақылау; корпусты санитариялық-шаруашылық  және басқа да мүлікпен, дезқұралдармен уақтылы қамтамасыз ету; есептегі материалдық құндылықтарды есепке алуды және олардың сақталуын қамтамасыз ету; кіші және қызмет көрсетуші персоналдың жұмысын бақылау. Кабинеттерді, барлық өндірістік бөлмелерді, іргелес аумақты аралауды жүзеге асырады, санитариялық жай-күйін және олардың жұмысқа дайындығын тексереді. Кіші медициналық және қызмет көрсетуші персоналды жұмысқа қажетті жуу, дезинфекциялау құралдарымен, арнайы киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді. Оқу ғимаратын  уақтылы дезинфекциялауды және дератизациялауды ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: орта кәсіптік  білімі,  кемінде 3 жыл  қызметтегі еңбек өтілі болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса);
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі,
  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (075-нысан бойынша);
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  9. Наркологиялық және психикалық диспансерде тұрмайтыны туралы анықтама

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт күн) ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

 

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  Қызметкерлерді басқару және құжатайналым қызметі бөліміне (1 кабинет) өткізу қажет. Телефон: 8(7132) 55-24-68.