Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Стратегиялық жоспарлау орталығының директоры бос лауазымына  конкурс жариялайды

Стратегиялық жоспарлау орталығының директоры бос лауазымына  конкурс жариялайды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы стратегиялық жоспарлау орталығының директоры  бос лауазымына  конкурс  жариялайды:

Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова, 34.

 Қызметінің негізгі міндеті: Университеттің дамуын талдау, жоспарлау және болжау, университет қызметінің барлық салалары бойынша үрдістерді, сондай-ақ стратегиялық мақсаттардан ауытқуларды уақтылы анықтау мақсатында университеттегі бизнес-процестердің сыртқы және ішкі факторлары мен жай-күйіне мониторинг ұйымдастыру және жүргізу. ҚР БҒМ нормативтік құжаттарындағы кез келген өзгерістерге ден қою және оларды университеттің білім беру қызметіне енгізу. Университеттің стратегиялық даму бағдарламалары мен жобаларын стратегиялық жоспарлау, әзірлеу және іске асыру процестерін ақпараттық, талдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету.

Қызметінің мақсаты –  Барлық бөлімшелердің стратегиялық жоспарларын үйлестіру арқылы берілген миссияға сәйкес стратегиялық мақсаттарды жоспарлау және іске асыру жүйесін қалыптастыру. Өзгерістер тобын қалыптастыру және таланттармен жұмыс істеуге жәрдемдесу, оның ішінде университеттің кешенді жоспарларын, ұстап қалу бағдарламаларын, тарту және имидждік жобаларын әзірлеуге көмек көрсету. Табысты білім беру және маркетингтік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимылды үйлестіру, дамыту, ұйымдастыру және басқару жүйесін жетілдіру, оның ішінде университеттің ұйымдастырушылық құрылымы мен мәдениетін жетілдіру және ұйымдық өзгерістер бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі немесе академиялық атағы, кемінде ғылыми-педагогикалық  қызметтегі 3 жыл еңбек өтілі болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса);
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі,
  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (075-нысан бойынша);
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  9. Наркологиялық және психикалық диспансерде тұрмайтыны туралы анықтама
  10. Стратегиялық жоспарлау орталығының даму бағдарламасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар  беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт күн) ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

 Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті  Қызметкерлерді басқару және құжатайналым қызметі бөліміне (1 кабинет) өткізу қажет. Телефон: 8(7132) 55-24-68.