Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттік емхана меңгерушісі бос лауазымына конкурс жариялайды

Студенттік емхана меңгерушісі бос лауазымына конкурс жариялайды

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы студенттік емхана меңгерушісі бос лауазымына конкурс  жариялайды:

 Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова, 34.

 Қызметінің негізгі мақсаты мен міндеттері: Емхананың жылдық және ағымдағы жоспарларын, жұмыс кестесін келісуге және бекітуге ұсынуды әзірлеу. Студенттерді санитарлық — гигиеналық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Науқастарға амбулаторлық қабылдау жүргізу және көмек көрсету. Жіті аурулар, жазатайым оқиғалар(жарақаттар, уланулар және т.б.) кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету және көрсетілімдер болған кезде науқасты стационарға емдеуге жатқызу. Ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақтылы амбулаториялық тексеру және емдеу, стационарлық емдеуге мұқтаж науқастарды анықтау және оларды емдеуге жатқызуға дайындау.  Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын беру. Емхананың қызметін сипаттайтын статистикалық деректерді, белгіленген тәртіппен статистикалық есепке алуды және есеп беруді жүргізу. Емхананың медицина қызметкерлерін жұмыс берушінің қаражаты есебінен , сондай-ақ басқа да тыйым салынбайтын көздер есебінен біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберу. Емхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын дұрыс пайдалануды, деңгейін сақтауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Емхана меңгерушісі лауазымына Денсаулық сақтау саласында кәсіби медициналық білімі және басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл немесе өзге лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса);
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі,
  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (086-нысан бойынша);
  7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  9. Наркологиялық және психикалық диспансерде тұрмайтыны туралы анықтама.
  10. Студенттік емхананың даму бағдарламасы

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт күн) ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

 

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  Қызметкерлерді басқару және құжатайналым қызметі бөліміне (1 кабинет) өткізу қажет. Телефон: 8(7132) 55-24-68.