Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа жобаны ұсынды

Жаңа жобаны ұсынды

Жұбанов университетінің ректорының міндетін атқартушы Рахым Бекназаров Назарбаев университетінің студенттері Сұлтан Меңдібаев, Мақсат Бекқұлиев және Дамир Қанымқұловпен кездесті.

Кездесуде Назарбаев университетінің студенттері Жұбанов университетінің басшысы мен студенттерін  «V.Elec» жобасымен таныстырды.

Бұл жоба Жұбанов университеттің Инновациялық технологиялар паркінің «Робототехникалық жүйелер» зертханасында жинақталған. Сондай-ақ, бұл жоба спортпен айналысуды электр энергиясына айналдыратын қарапайым және қолайлы велотренажер жасауға бағытталған.

Жоба демеушісі «Шеврон» компаниясы болып табылады және аталмыш жоба жасыл технологиямен (экотехнология) байланысты.