Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қазақстанда Наурыз мейрамы ресми мереке ретінде тойлана бастағанына 30 жыл толды

Қазақстанда Наурыз мейрамы ресми мереке ретінде тойлана бастағанына 30 жыл толды

1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Наурыз мейрамы ресми мереке ретінде бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1991 жылы 15 наурызда Қазақ СССР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы шығып, «Наурыздың 22-сі – халықтық мереке «Наурыз мейрамы» болып жарияланды.

Жарлықта «Халық депутаттарының жергілікті советтеріне климаттық жағдайларды ескере отырып, халықтық мереке – Наурыз мейрамын өткізу күнін өз бетімен белгілеу ұсынылсын; республика жұртшылығының 1991 жылы наурыздың 16-сы мен сәуірдің 16-сы аралығында «Табиғат жарасымы» айлығын өткізу жөніндегі инициативасы қолдау тапсын» деп жазылған.

Айта кетсек, Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады.

Наурыз мейрамы 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі.