Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық ойындар ұлықталды. Қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері тоғызқұмалақтан  жарысқа қатысты.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  арналған  спорттық шара Жұбанов университетінің спорт кешінінде өтті.

«Тоғызқұмалақ» ойынының тарихы 4000 жыл бұрын басталған. Ойын жоғары интеллектуалды спорт  түрлеріне жатады. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның ертеде пайда болғанынан хабар береді. Жалпы «Тоғыз­құмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойын мақсаты — ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап жеңіске жету.

Күні бүгінге дейн Жұбанов университетінде салауатты өмір салтын насихаттау және  ұлттық салт дәстүрді ұстану мақсатында «Тоғызқұмалақ» ойыны  қолдау табуда. Дәстүрлі шара достық қарым-қатынасты нығайту мен студент жастардың спорт шеберлігін шыңдауға бағытталып отыр.

Өте қызықты, бәсекелестік  тұрғыда ұйымдастырылған ойын шарты екі  турдан тұрды. Ойынның бас төрешісі болып Умаров Малик Капенұлы тағайындалды.  Сайысқа  қаладағы барлық жоғары оқу орындарынан 5 команда қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Жұбанов университеті ректорының міндетін атқарушы Рахым Бекназаров сөз сөйлеп, ұлттық ойынның  өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде ерекше феномен екенін атап өтті.

Ұрпақ тәрбиесінде өзіндік орнын айшықтап келетін қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны бүгінде жастар арасында белең алып келеді. Ұлттық ойынды дамытуда «Қабақ баба» қоғамдық қорының еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Тығыз әріптестік байланыста бола отырып, қордың демеушілігімен бірқатар атаулы кабинеттер ашылды. Қордың атынан жыл сайын бір студентке стипендия тағайындалады және мереке кезінде бірнеше оқытушымызға Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлық ұсынып келеді. Әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын интеллектуалдық ойын, логикалық ойлау өнерінің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген қордың ұжымына және төрғасы Амантай Үмбетайға университет ұжымы атынан алғыс білдіремін. Сонымен қатар Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов пен «Ақтөбе облысының Зияткерлік Тоғызқұмалақ Қауымдастығы» қоғамдық  бірлестігінің президенті Бауыржан Ердембеков  сәттілік тілеуде, — деді ол.

Сөз соңында Рахым Ағыбайұлы   ойыншыларға  сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Одан әрі Ақтөбе облыстық  тоғызқұмалақ  федерациясының  вице-президенті  Жанар Сағызбаева мен «Қабақ баба» қоғамдық  қорының төрағасы Амантай Үмбетай тоғызқұмалақтың мәні мен мазмұнына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ойын өз мәресіне жеттті. Төрешілердің  шешімімен орындар тағайындалып, жеңімпаздар анықталды.  Жарыс нәтижесі бойынша ІІІ орынды Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан  медицина университетінің командасы жеңіп алса, ІІ орынды  Қазақ-Ресей халықаралық университетінің командасы иеленді. Жұбанов  университетінің  командасы өзге командалардан озып шығып, І орынға орналасты. Барша жеңімпаздарға университет ректорының арнайы дипломы мен  ақшалай сыйақы табысталды.

Айта кетейік, дәстүрлі шараны Жұбанов университеті мен Ақтөбе облыстық тоғызқұмалақ федерациясы және «Қабақ баба» қоғамдық қоры үш жыл қатарынан бірлесіп ұйымдастырды.