Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылым апталығы өтеді

Ғылым апталығы өтеді

2021 жылдың сәуір айында өтетін дәстүрлі апталықта оқытушылар, жас ғалымдар мен білім алушыларға арналған «Жұбанов оқулары» атты XVII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференция онлайн форматта өткізіледі, негізі бағыттары:
• Филологияның өзекті мәселелері;
• Ғылым, техника және технология: прогресс пен инновациялар;
• Қазіргі заманғы зерттеулер аясында ІТ-технологиялар және физика-математика ғылымдарының мәселелері;
• Әлеуметтік-гуманитарлық ғалымдар дамуының қазіргі мәселелері мен тенденциялары (философия, әлеуметтану, саясаттану, тарих, дінтану, мәдениеттану және т.б.);
• Педагогика, психология және оқыту технологиясының өзекті мәселелері;
• Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері;
• Ұлттық экономика, басқару және құқық мәселелері;
• Шығармашылық мамандықтардың даму мүмкіндіктері: қазіргі уақыт және перспективасы.

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу туралы өтініш пен мақала 2021 жылдың 20 наурызына дейін conference_argu_2021@mail.ru электронды почтасы арқылы қабылданады.

Конференция аясында семинарлар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми байқаулар өтеді.

Толық ақпаратты Жұбанов университетінің Ғылым департаментінен біле аласыздар.