Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің игі бастамасы

Жұбанов университетінің игі бастамасы

Жұбанов университетінің «Заман біздікі» интеллектуалды клубы бес жылдан бері  Батыс өңіріндегі студенттеріне жақсы таныс. қауымдастығында танымал. Аталған дебат  клубы құрылған кезінен бастап университет студенттері мен түлектері қатарынан жүздеген жас таланттарды біріктірді. Бүгінгі күні олар игі бастаманы қолға алып отыр.

Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебінде Жұбанов университетінің дебат клубының филиалы ашылды, онда оқушылар тәжірибелі пікірсайысшылардың басшылығымен өз дағдыларын шыңдап, әкімшілік жұмыстарды үйрене алады.

Ақкемір жалпы орта білім беру мектебінің түлегі, Жұбанов университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Қарлығаш Сатыбалдинаның айтуынша, Ақтөбе облысындағы мектептерде  дебат қозғалысын ұйымдастыруға  алғашқы қадамдар сонау 98-ші жылдары жасалған.-   Мұғалжар мектебінің дебат клубы алғашқылардың бірі болып белсенді дамыды, біз облыстық турнирлерге бардық. Кейін бұл менің сүйікті кәсібіме айналды, мен еңбек жолымды дебат қозғалыстың жаттықтырушысы ретінде бастадым. Бүгінгі таңда өз ой-өрісін кеңейтуді қалайтын белсенді оқушылар да аз емес, ал бұл дебат клубтары – интеллектуалды өсу үшін тамаша алаң. Филиалдың ашылуының арқасында біз студенттік өзін-өзі басқару және  дебат қозғалысының тәжірибесін аудандық мектептерде өткізіп,  осы бағытты жаңа деңгейге шығарғымыз келеді, — дейді Қарлығаш Сатыбалдина.

Жақын арада аталмыш  филиалда оқыту семинарлары жоспарланып отыр. Мұнда «Заман біздікі» интеллектуалды клубының жетекшісі мен үйлестірушілері ұйымдастыру жұмысы бойынша клуб қатысушыларының тәлімгерлігімен айналысады. Ал жаттықтырушылар барлық ниет білдірген оқушылар үшін деабат ойындарының негіздері және шешендік шеберлік бойынша тікелей тренингтер мен оқыту семинарларын өткізеді.

Айта кетейік, жуырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруы қалай жүргізілетінін айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Аймағамбетовтың айтуынша, оқушылар мектептегі барлық білім алушалардың мүддесіне сәйкес бастамалар көтеріп, тиісті шешім қабылдауды және оларды жүзеге асыруды үйренеді.

– Мектептегі өзін-өзі басқару білім беру процесін демократияландыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға және бар мәселені бірлесіп шешуге өз ықпалын тигізеді.

Алдағы уақытта өзін-өзі басқару үрдісі де дебат ойындары сияқты мектептердегі, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналады. Біз өз кезегімізде балалар мен жастардың шығармашылық және зияткерлік тұрғыда дамуына бағытталған жобаларды қолдайтын боламыз, – деді Асхат Аймағамбетов.