Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми атақ берілді

Ғылыми атақ берілді

Бүгін ректордың жұмыс жиынында  университеттің екі ғалымы марапатталды.

«Мәңгілік ел» конференц-залында өткен басқосуда Жұбанов университеті ректорының міндетін атқарушы Рахым Бекназаров  оқытушыларға жүрекжарды тілегін жеткізіп,  дипломдарды салтанатты түрде табыстады.

Жиында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім мен ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің   2021 жылғы  23 ақпандағы шешімімен  Ақылбек Жаманшинге  6D060100- Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD)  және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Диссертациялық кеңесінің  2021 жылғы 11 наурызындағы  шешімімен Динара Рамазановаға 6D010300- Педагогика және психология  мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.

Ректордың жұмыс жиыны  әрі қарай күн тәртібіндегі мәселелермен өрбіді.