Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымдары өңірдің экологиясын жақсартуға арналған жобаларды жүзеге асыруға дайын

Университет ғалымдары өңірдің экологиясын жақсартуға арналған жобаларды жүзеге асыруға дайын

Жұбанов университетінің ғалымдары Ақтөбе кен орнынан экологиялық таза және табиғи материал – диатомитті спирт өндірісінің қалдықтарын (бардаларды) кәдеге жарату бойынша жоба әзірледі.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласының өнеркәсіп аймағының үлкен аумағында көлемі 27 гектардан астам спирт өндірісінің қалдықтарын жинау мәселесі өзекті тақырыптың бірі. Барда Ақтөбе қаласы мен жақын маңдағы аумақтарды үнемі жауып тұратын жағымсыз қышқыл иіске ие.

Профессор Қуанышбек Шүңкеевтің жетекшілігімен бір топ зерттеушілер қалаға қарай жел бағытында орналасқан барданы  кәдеге жарату жобасын әзірледі. Профессордың айтуынша, оның сызбасын  бірнеше негізгі кезеңге дейін жеңілдетуге болады. Бұл технологияның жаңалығы — бардаға диатомит қосу ылғалдың, жағымсыз қышқыл иістің сіңуіне және оны кремниймен, кальциймен және басқа минералдармен байытуға ықпал етеді.

 

Жұбанов университеті ғалымдарының бұл  жобасын ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өңірге жұмыс сапары барысында жоғары бағалады. Ведомство басшысына, сондай-ақ аймақ басшысына, қоғам өкілдері мен БАҚ өкілдеріне қоршаған ортаны қорғауға бағытталған басқа да жобалар ұсынылды.

Көрмеде білім ордасының ғалымдары мұнай өңдеу қалдықтарын залалсыздандыру әдістерінің және оларды жоғары тиімді күкіртті асфальт, күкірт бетон өндірісінде қолданудың өзекті зерттеулері; жаңа жабдықтардың көмегімен хром және басқа металдардың құрамына атмосфералық ауаның мониторингі; жылу электр станцияларынан түйіршіктелген шламның көмегімен өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту технологиялары; Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы ақбөкен популяциясы динамикасының өсуіне қоршаған орта мен антропогендік факторлардың әсерін зерттеу, «Жасыл университет» жобасын енгізу және қоқысты бөлек жинау және тағы да басқа жобалармен таныстырды.

Тұсаукесер барысында қонақтар «Art house» студенттер қозғалысы қатысушыларының көрмесін тамашалады, онда Қазақстанның Қызыл кітабындағы жануарлардың суреттері ұсынылды.