Азаматтық жобаларды қолдау орталығы ауыл кәсіпкерлерін қаржыландырады. Жоба Ақпарат және даму министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген. Оның аясында 60 адамға 500 мың теңге грант берілмек. Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Дүйсенованың айтуынша, байқау осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында өтеді. Қайтарымсыз қаражат ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған идея авторларына беріледі. Грант иегерлеріне бизнестің қыр-сыры үйретіліп, жан-жақты қолдау көрсетіледі.
https://aktobetv.kz/kz/news/society/auyldy-korkeituge-bagyttalgan-zhobalar-karzhylandyrylady