Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылымға құштарлық

Ғылымға құштарлық

Жұбанов университетінің ғылым апталығы әртүрлі жастағы зерттеушілерді біріктірді. Онлайн шараға тәжірибелі ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар қатысты.

Аптаның екінші күні студенттер, магистранттар мен  аспиранттардың «Жастар, ғылым және инновация» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды. Жас зерттеушілер онлайн алаңдарда әртүрлі саладағы жобаларын ұсынды. Апталық аясында барлық факультеттердің студенттері пәндік олимпиадаларда өз білімдерін сынады.

Ғылым апталығының барысында Жұбанов университетінің қатысушыларынан басқа, шет мемлекеттердің жас ғалымдары да өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұнда  Алтай мемлекеттік университетінің аспиранттары (Барнаул, Ресей) және Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері (Орынбор, Ресей) ««Қазіргі таңда дене шынықтыру және спорттың мәселелері» тақырыбындағы  халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, өз баяндамаларын жасап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Қаладағы №21 үш тілде оқытатын мектеп-гимназиясының, №72 ЖББО ІТ мектеп-лицейінің, №40 жалпы білім беретін орта мектебінің және Байғанин ауданының №4 Қарауылкелді мектебінің оқушылары шеберлік сыныптары мен “Science Slam” жобалар сайысына белсене қатысты.

Сонымен қатар, ғылым апталығы аясында Ақтөбе облысының ғалымдары семинарларда өзекті тақырыптарды талқылап, өз ойларын ортаға салды.

«Ақтөбедегі атмосфералық ауаның экологиялық жағдайы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдением: тетіктері мен даму институттары»,  «Табиғи сұлулық табиғи өнімдерден», «Ғылыми мақалалар жазу және оған қойылатын талаптар», «Математиканы оқытудағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі», «Халықаралық білім беру бағдарламаларын қазақстандық университеттерді халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау құралы ретінде пайдалану» және«Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватындағы ақбөкендердің қазіргі жағдайы»  тақырыбындағы ғылыми семинарларда баяндамалар оқылып, презентациялар көрсетілді.

Айта кетейік, ғылым апталығының қорытындысы мен жабылуы 12 сәуір күні өткізіледі.