Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғалымдар көпмәдениетті кеңістіктегі тіл мен әдебиеттің рөлін талқылады

Ғалымдар көпмәдениетті кеңістіктегі тіл мен әдебиеттің рөлін талқылады

Жұбанов университетінде «Көпмәдениетті кеңістіктегі тіл мен әдебиет: мәселелер, идеялар, даму үрдістері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Онлайн-форматта ұйымдастырылған жиынға Қазақстан және Түркия, Ресей елдерінің филологтары қатысып, лингвистиканың, көпмәдениетті білім берудің, өңірлердегі этноәлеуметтік ахуалдың өзекті мәселелерін талқылады.

Жиынды кіріспе сөзімен ашқан Жұбанов университеті ректорының міндетін атқарушы Рахым Бекназаров білім берудегі ашықтықтың маңыздылығы, ғылыми және білім беру ынтымақтастығы, сондай-ақ Қазақстандағы көптілді білім беру мəселелері туралы баяндады. Сөз соңында басқарма төрағасы шетелдік ғалымдарға бірлескен жұмыстары мен ғылыми шараға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Онлайн-кездесуде Түркия Республикасы Джелала Байар университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ферхат Карабулут тілді меңгерудің жаңа жолдары туралы баяндаса, Жұбанов университетінің профессоры Бақтыгүл Құрманова Ақтөбе облысындағы тілдік және этнолингвистикалық жағдайындағы орыс тілі туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ, конференцияда Барнаул қаласы Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Александр Куляпин баяндама жасап, өзекті мәселелерді баяндады. Ал, педагогика ғылымдарының докторы, Орынбор мемлекеттік университетінің профессоры Ирина Просвиркина өз сөзінде орыс тілін оқытудағы өзгерістерге әсер ететін жаңа сын-тегеуріндерге кеңінен тоқталды.

Өз кезегінде филология факультетінің деканы Күлзат Садирова жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу мен тығыз ғылыми байланыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Конференция жұмысы жемісті және мазмұнды болды. Конференция соңында жұмыстың қорытындысы шығарылып, ұсыныстар қабылданды.