Среда, Май 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылым қызметкерлерінің күні

Ғылым қызметкерлерінің күні

Бүгін — Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Қазақстандағы жоғарғы ғылыми ұйым болып Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы саналады. Ол 1946 жылы Қаныш Сәтпаевтың бастамасымен құрылған.

Сондай-ақ бұл күні атақты ғалым Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.