Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Президент ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Президент ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет» деп жазды Президент.