Жұбанов университетінде бір аптаға созылған ғылым апталығы нәтижелі аяқталды. Дәстүрлі шара Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні мен Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келді.
Ғылым апталығының жабылуында Жұбанов университетінің ректорының міндетін атқарушы, профессор Рахым Бекназаров қатысушыларды ауқымды шараның ашылуымен құттықтап, қазақстандық ғылымның дамуының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Білім ордасының 2021 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері туралы қысқаша баяндады. Басқарма басшысы баяндамасында ғылыми кадрлардың әлеуеті мен апталық аясында өткізілген ауқымды шараларға жіті тоқталды.
Басқарма басшының айтуынша, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми шыңдануына септігін беретін, оларды ғылыммен шұғылдануға шақыратын және талантты жастарға қолдау беретін ғылым апталығы аясында 80-нен түрлі деңгейдегі шаралар өтті.
Ауқымды шаралардың қатарында «Жастар, ғылым және инновация»тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Жыл үздігі» ғылыми жобалар байқауы, «A new beginning of science» ғылыми-зерттеу байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, апталық аясында факультетішілік ғылыми-зерттеу байқаулары, семинарлар, шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференциялар, олимпиадалар және басқа да шаралар жүзеге асты.
Онлайн шара соңында «Жыл үздіктері» анықталып, байқаудың сыйлық қорына 500 мың теңге сыйақы бөлінді.