Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттер сарайында КВН ойындары өтті

Студенттер сарайында КВН ойындары өтті

2017 жылдың 26 қазан күні   Студенттер сарайында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастырумен  «Университет лигасы» факультетаралық КВН ойындары өтті.

Аталмыш шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін кеңейте түсуге үлес қосу, талантты жастарды анықтау, Республикалық және Халықаралық деңгейде өткізілетін ойындарға құрама жасақтау.  Командалар факультетаралық КВН ойындарына қатысып, факультетаралық КВН ойындарына жолдама алды. Қуантарлық жайт, биылғы оқу жылында командалар саны көбеюде. Сондай-ақ, дәстүрлі түрде өтетін Университет КВН лигасы кезекті 7-ші маусымын бастады. Университет КВН лигасының деңгейі жылдан жылға өсіп,  жастардың қызығушылығы артуда.   Соның нәтижесінде  биыл 16 команда тіркелді.  Әділ қазылар алқасының құрамында  Жас отан ЖҚ төрағасы А.Бүркіталин, Кәсіподақ ұйымының басшысы Г.Зарлықова, «Әдемі» КВН командасының капитаны Р.Артықбаев, «Әдемі»-2016 жылғы чемпион «Филландия» КВН командаларының ойыншысы  Н.Қартжан және 2017 жылғы чемпионы Б.Ғалымжан болды.  Ойын қорытындысы бойынша ¼ финалдық ойында 3 командама ойыннан шығып, қалған 8 команда ½ финалға жолдама алды. Алда ойындарға қатысушыларға сәттілік тілейміз!