Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Екпе ерікті түрде егіледі

Екпе ерікті түрде егіледі

Бүгін Жұбанов университетінде  коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Алғашқылардың бірі болып университет ректорының міндетін атқарушы  Рахым Бекназаров және құрылымдық бөлімдердің басшылары мен қызметкерлері ектірді.

Вакцинация университеттің Студенттік емханада жүргізіледі. Айта кетерйік, қызметкерлер Ресейде өндірілген Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын алады.  Вакцинация алдында олар тексеруден өтіп, дәрігердің кеңесін алды. Екпе араға 21 күн салып, екінші рет егіледі.

Жұбанов университетінің Студенттік емханасының меңгерушісі Әлібек Қуашовтың айтуынша,  білім ордасының жиырма оқытушысы мен білім алушысы вакцинацияға саналы түрде барып, өз еріктерімен жазылған.

Олар екпе салар алдында дәрігердің арнайы терапевт маманның тексеруінен өтіп, вакцина жайлы толық ақпарат берілгенен кейін ғана вакцина салынады.

Егу ерікті және тегін түрде жүзеге асады.

Барлық ниет білдірген білім алушылар, оқытушылар және олардың отбасы мүшелері екпені Студенттік емханадан ала алады.