Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Басқарма төрағасы Рамазан айының басталуымен құттықтады

Басқарма төрағасы Рамазан айының басталуымен құттықтады

Құрметті ақтөбеліктер!
Қымбатты әріптестер мен білім алушылар!

 

Жұбанов университетінің ұжымы мен өзімнің атымнан барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Ауыз бекіткен мұсылмандарға Алла мол сауаптан жазсын. Ниеттеріңіз оң болсын!

Қасиетті Рамазан айы — рухани жаңарудың символы, жақсылық пен берекет айы. Мейірімділік, кешірімділік, игілік, имандылық, адамгершілік сынды асыл құндылықтар салтанат құрған қоғамның қашан да болашағы баянды, келешегі кемел болары шындық.

Әлемі жайлап отырған бүгінгі сынақтан біздің еліміз де аман-есен өтетініне сенімдіміз.

Оразадан оразаға еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болып жете берейік!

Әр шаңырақтан құт-береке, ырыс-ынтымақ кетпесін! Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

 

Ізгі ниетпен, Жұбанов университеті ректорының міндетін атқарушы, профессор Рахым Бекназаров.