Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қасиетті Рамазан айы басталды

Қасиетті Рамазан айы басталды

Бүгін 12-нен 13 қараған түні Қазақстанда Ораза басталады. Осы күннен бастап мұсылмандар Ораза тұтады.

Биыл, 2021 жылы Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.

Ал пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.