Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа жоба іске қосылды

Жаңа жоба іске қосылды

Жұбанов университеті Назарбаев университетімен бірлесіп  «Қазақстандағы STEM (мұғалімдер білімі) жағдайында оқыту мен зерттеудің әлеуетін арттыру: ғылыми-практикалық серіктестік» ғылыми-зерттеу жобасын іске қосты.

 Зерттеушілер тобы STEM және көптілді білім беру саласындағы мұғалімдер білімінің жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу бойынша жұмыс істейді. Оқытудың өзгеруіне және Қазақстанның жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әлеуетінің дамуына ықпал етеді.

 Осы аптада Назарбаев университетінің өкілдері мен Жұбанов университетіндегі жоба жетекшілерінің алғашқы жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында осы жобаның мақсаттары мен міндеттері, іске асыру мерзімдері және жұмыстың негізгі кезеңдері талқыланды. Зерттеу нәтижелері «Scopus» халықаралық журналында және басқа да беделді басылымдарда жарияланады.