Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өзекті мәселелер қамтылды

Өзекті мәселелер қамтылды

Жұбанов университетінде тарих факультетінің ұйымдастыруымен Zoom форматында «Ұлттық құндылықтар негізінде тарих, география пәндерін оқыту: теория және тәжірибе» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарға университет студенттері,  Ақтөбе қаласы мен  аудандарыннан  мектеп директорлары, пән  мұғалімдері, Батыс Қазақстан облысының  аудандық білім бөлімі әдіскерлері, ғылыми-әдістемелік орталық мамандары, Қызылорда облысының, Алматы қаласының тарих және география пәнінің мұғалімдері,  М.Тынышбаев Ақтау көлік колледжінің, Алға индустриалдық-техникалық колледжінің оқытушылары қатысты.

Жиын барысында «Ұлттық құндылықтар ұлт руханиятының негіздері» тақырыбында философия ғылымдарының кандидаты Үмбетқан Сәрсембин, «Ұлттық құндылық  ерекшеліктерін оқу процесінде пайдалану» тақырыбында доцент Дәулет Абенов, «Ұлттық құндылықтарды ЖОО-да білім беру процесіне енгізудің жолдары» тақырыбында университеттің оқу-әдістемелік жұмыстар және қашықтықтан білім беру орталығының жетекшісі  Айнұр Кадыркулова, «Қазақстанның және Ақтөбе облысының киелі жерлер географиясын оқыту әдістерін жетілдіру жолдары» тақырыбында доцент Айдын Әбденовтер және басқа да ғалымдар баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар семинарда Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы КММ бас инспекторы Маржан Алиасқарованың,  Ақтөбе қыздар Білім-инновация лицейінің жоғары санатты география пәні мұғалімі Эльмира Саулееваның, «№4 Қандыағаш қалалық  ЖББ орта мектебінің география пәні мұғалімі Жұлдыз Ордабаеваның жасаған баяндамалары ерекше қызығушылық туғызып, қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Басқосуда облысаралық деңгейде тәжірибе алмасу, Университет- Мектеп- Тарихи жерлер үштігін құру сынды маңызды мәселелер көпшілік талқысына түсті.

Жиын соңында  қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.