Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жобаны сәтті аяқтады

Жобаны сәтті аяқтады

Жұбанов университетінің филология факультетінің оқытушылары IT and digital resources in teaching foreign languages және Specialized Professional English негізгі пәндері бойынша екі оқу бағдарламасын (силлабустар) әзірлеу бойынша жобаны сәтті аяқтады.

Жаңа оқу бағдарламалары АҚШ Елшілігінің және Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің жобасына қатысқан педагогтардың жемісті жұмысының нәтижесі болды:

осы жылдың күзінде 24 оқытушы біліктілікті арттыру бойынша онлайн-оқудан өтіп, өздерінің оқу пәндеріне арналған Google сайттарын әзірледі. Барлық оқытушыларға сертификаттар берілді.

екінші кезеңде ағылшын және неміс тілдері, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 19 оқытушысы ағылшын тілін оқыту бойынша заманауи оқу бағдарламасы мен оқыту әдістемесін әзірлеуге қатысты.

Жоба барысында оқытушылар американдық педагог Грэм Дерримен бірге жұмыс жасап, жаңа идеялармен алмасты. Сонымен қатар халықаралық стандарттарға сай білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша тәжірибелерімен бөлісті.