Жұбанов университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай үздік жарияланым бойынша республикалық эссе байқауының қорытындысы шығарылды.
Жұбанов университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен филология факультеті ұйымдастырған байқауға жоғары оқу орындары мен мектептерден, колледждерден 70-тен астам қатысушы өз жұмыстарын жіберді.
Үздік эсселердің авторлары:
Қымбат Шайқы (Ембі мектеп-интернаты);
Бекзада Самиғолла (ҚазҰӨУ колледжі);
Аяулы Тұрарбек (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті);
Гүлім Батырова (Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясы);
Дильназ Койшина (Бөкетов атындағы Қарағанды университеті).
Байқау жеңімпаздарының толық тізімі: эссе-1
ilovepdf_merged (4)