Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Патриоттық өнер байқауы өтеді

Патриоттық өнер байқауы өтеді

2021 жылдың 26  сәуір — 7 мамыр аралығында   Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен университетішілік «Ұлы жеңіс» тақырыбында патриоттық  өнер онлайн байқауы өтеді. ⠀

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ:

«ВОКАЛ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер, Отан, атамекен) бір әнді жанды дауыста орындайды. Әнді арнайы аранжировканың сүйемелдеуімен немесе акапелла түрінде орындап, оны видеоға түсіріп жіберу қажет (дуэт, квартет және т.б). (whatsapp 87012519538);

«КӨРКЕМ СӨЗ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер, Отан, атамекен) өзіне ұнайтын автордың бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, оны видеоға түсіріп жіберуі қажет. Уақыты – 2 минуттан аспауы шарт (whatsapp 87715997472);

«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта (туған жер, Отан, атамекен) бір сурет салып, оны фотоға анық етіп түсіріп жіберу қажет. Суреттің форматына шектеу жоқ. Материалдарды Departament_sb_mp@mail.ru электронды почтасына жіберу қажет.

Байқау қорытындысы 10 мамыр күні әділқазы алқасының шешімімен Жұбанов университетінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталады.⠀

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны:  87012519538