Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Президент тапсырмасы. Болашақ педагогтерге қойылатын талап күшейтілді

Президент тапсырмасы. Болашақ педагогтерге қойылатын талап күшейтілді

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңес алаңында айтқан тапсырмаларының тағы бір парасы іске асқанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында педагог мамандығына оқитын студенттердің шәкіртақысын көтеру туралы тапсырма берілгенін еске салды.

«Педагогика мамандықтарына түсуге қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен арттыру қажет. Мамандықтың беделін биіктету мақсатында болашақ ұстаздардың шәкіртақысын 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеру керек», — деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жазбада педагог мәртебесін көтеру бағытында атқарылған өзге де игі істер туралы мәлімет берілген. Атап айтсақ, педагогикалық бағыт бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 60-тан 70-ке көтерілгені, шәкіртақыны арттыру үшін 2020-2023 жылдарға республикалық бюджеттен 17,6 млрд теңге бөлінгені, докторанттардың шәкіртақысы 104 498 теңгеден 150 мың теңгеге артқаны нақты көрсетілген.

/www.inform.kz/