Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Магистранттар ғылыми тағылымдамадан өтті

Магистранттар ғылыми тағылымдамадан өтті

Жұбанов университетінің «Тау-кен ісі» білім бағдарламасының 2 курс магистранттары Дөң тау-кен байыту комбинатының  шахтасында Мирный карьері, №21 кен орнында  ғылыми тағылымдамадан өтті.

«Металлургия», «Тау-кен және мұнай-газ ісі» кафедрасының аға оқытушысы Мұратбек Сұлтановтың және кафедраның практик маманы Сағынбек Көбеновтың басшылығымен білім алушылар тоннелде (штольня)  жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, шахта басшыларымен жүздесті.  Ғылыми тағылымдама барысында магистранттар шахтаға түсіп, қажетті технологияларды игерді.

Магистранттардың айтуынша,  Дөң тау-кен байыту комбинаты  аумағында алынған қосымша материалдар мен жаңа деректер диссертациялық жұмыстарды толық пысықтау үшін маңызды.

Дөң тау-кен байыту комбинаты  — хром кенін өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Дөң КБК-мен игерілетін хром кені шоғырларының ұзындығы шамамен 22 шақырым және ені 7 шақырым.