Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл

Композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл

Бүгін халық мұрасының жанашыры, композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл.

Қазақтың тұңғыш кәсіби музыканты, музыка зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, белгілі дирижер, кәсіби композитор, Қазақстан Ғылым академиясының өнер саласындағы академигі, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Қуанұлы Жұбанов өнер көгіндегі жарық жұлдыздардың бірі.

Қазақ өнеріне өзіндік үлес қосып, өнеріміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне күш-жігер жұмсаған халқымыздың біртуар дарынды ұлы — Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өнегелі де өміршең еңбегі ғасырлар қойнауында үлкен қазына болып сақталатын баға жетпес құнды дүние.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы» және тағы басқалар. Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы.

Ахмет Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л.Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары,  қызы Ғ.Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы.

Қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Ленин және тағы да басқа ордендермен, медальдармен марапатталған.