Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оқытушылар тағылымдамадан өтті

Оқытушылар тағылымдамадан өтті

Жұбанов университетінің физика-математика факультетінің 22 оқытушысы 7-22 сәуір аралығында халықаралық онлайн тағылымдамадан өтіп, сертификат иеленді.

«Университет 4.0. Университеттердің цифрлық трансформациясы» тақырыбында онлайн өткен тағылымдаманы Беларусь Республикасы Жоғары мектебінің Республикалық институты және SKLAD онлайн-білім беру платформасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Тағылымдама қатысушыларды әлемнің жетекші университеттерінің қызметімен, «Университет 4.0» моделіндегі білім беру бағдарламаларын және оқыту технологияларын жобалау мен енгізу тәжірибесімен, жоғары сандық трансформацияны инновациялық және әдістемелік қолдау, білім беру және ересектерге қосымша білім берумен таныстыру мақсатында өткізілді.

Қатысушылар онлайн тағылымдама аясында Суинберн технологиялық университетінің (Австралия), Гамбург технологиялық университетінің (Германия), Портсмут университетінің (Ұлыбритания), Дублин Сити университетінің (Ирландия), Дания техникалық университетінің (Дания), Брно қаласындағы Масарик университеті (Чехия), Лондон университет колледжі (Ұлыбритания), Суонси университеті (Уэльс, Ұлыбритания) тәжірибелерімен танысты.