Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Екпе жасау пункті жұмыс жасайды

Екпе жасау пункті жұмыс жасайды

Жұбанов университетінің Студенттік емханасында коронавирусқа қарсы екпе егетін кабинет жұмыс жасайды.

Университет басшылығының  бастамасымен ашылған егу пункті дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 8.30-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Вакцинациялау пункті ашылғалы 15 күн ішінде мұнда 485 аса адам  «Спутник V» екпесін  салдырып үлгерді.

Өйткені университеттің профессорлық-оқытушылық құрамынан бөлек, студенттер мен қала тұрғындары тарапынан да сұраныс артқан.

Екпе салдыртқысы келетін әр тұлға ең алдымен тіркеуден өтіп, сауалнама толтырады.  Дәрігердің қарауынан өтіп, егуге өзінің жазбаша келісімін бергеннен кейін ғана вакцина егуге жіберіледі. Вакцина егілген соң жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болады. Одан кейін вакцинаның екінші дозасын алу үшін қайда және қай уақытта келу керектігі жазылған жадынама беріледі.

Сонымен қатар, оқу орнының Студенттік емханасында ашылған пунктке келіп екпе жайында толық ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, халықтың барлық топтары үшін коронавирустық инфекцияға қарсы екпе тегін негізде жүргізіледі.