Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбе студенттері жеңімпаз атанды

Ақтөбе студенттері жеңімпаз атанды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанынан құрылған «Заман біздікі» интеллектуалды элиталар одағының мүшелері британдық грантқа ие болды.

Жақында  ҚР Ұлыбритания елшілігі жанындағы British Council, Шеврон компаниясы және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен I-SEED HackWeekend хакатоны өткен болатын. Батыс Қазақстан жастары арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті кеңінен насихаттап, олардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, сонымен қатар бизнес-идеялар тудыру мақсатында онлайн форматта өткен шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

— British Council Kazakhstan ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен I-SEED HackWeekend хакатонында біздің студенттер жеңімпаз атанып, британдық грантқа ие болды. Яғни шараның бірінші орынға тігілген 100 мың теңгесін ұтып алды. Бұл хакатонға университеттің экономика және құқық, тарих факультеттерінің студенттері қатысқан болатын. Олар  «Пандемия кезіндегі кіші және орта бизнеске қолдау көрсету» тақырыбындағы жобасын қорғады. Жастардың еңбегі ақталып, жеңімпаз атанғанына біз де қуаныштымыз, — дейді жеңімпаз жастардың жетекшісі Райбек Сағадатов.

 

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

/aqtobegazeti.kz/