Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Профессор атағы берілді

Профессор атағы берілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен Гүлбану Ізбасароваға Тарих мамандығы бойынша «профессор» ғылыми атағы берілді. Тарихшы ғалым Жұбанов университетінде 29 жыл бойы жұмыс жасап келеді, қазіргі уақытта тарих және дінтану кафедрасын басқарады.

Басқарма төрағасы, профессор Рахым Бекназаров бүгін Гүлбану Ізбасарованы арнайы құттықтап, жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, соңғы жылдары профессор атағын Марзия Жақсығарина, Ерболат Меңдібаев және Марат Иманғазин алды. Сонымен қатар, 2021 жылы Жұбанов университетінде қауымдастырылған профессор (доцент) саны техникалық, физика-математика және жаратылыстану факультеттерінің төрт педагогымен толықтырылды.