Воскресенье, Сентябрь 24, 2023
Басты > Жаңалықтар > Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында

2017 жылдың қазан айында  Университетіміздің «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Олжабайұлы Айтимов Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасуы үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Музыка және өнер»  кафедрасының «Вокал өнері» мамандығының студенттеріне «Мамандық», «Камералық ән айту», «Жеке ән айту», «Дауыс қою» пәндерінен практикалық сабақтар жүргізіп, «Орындаушылық өнер тарихы», «Әдістеме» пәндерінен дәрістер оқыды.

Марат Олжабайұлының жоғары деңгейдегі кәсібилігі мен біліктілігі, әріптестерімен тәжірибесімен бөлісуі үлкен мазмұнға ие болып, дәрістері жоғары бағаланды.