Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет басшысының Жеңіс күнімен құттықтауы

Университет басшысының Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті Жұбанов университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, сала қызметкерлері және білім алушылары!

Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

Бұл күн – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн…

Бұл күн – қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Ендеше, соғыс деген зұлматты көрмей, жеңісті күндеріміздің жемісін көрейік. Ардагерлеріміздің жүздерін мұң шалмасын, көңілдеріне кірбің түспесін! Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

Құрметпен, ректордың міндетін атқарушы, профессор Рахым БЕКНАЗАРОВ