Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Басқарма төрағасы Р.Бекназаровтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Басқарма төрағасы Р.Бекназаровтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Қадірменді ақтөбеліктер! 

Құрметті Жұбанов университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері!

 Барлық мұсылман қауымы үшін ең айтулы ұлық мереке – Ораза айт мейрамы құтты болсын!

Айт — ислам дінінің тарих қойнауынан жеткен адамгершілік пен ізгілікке, төзімділік пен игілікке, меймандостық пен татулыққа үндеген мереке.  Қасиетті мерекеде тілеген барлық тілектеріңіз қабыл болсын!

Мұсылман баласының бойындағы имандылықты нығайтып, ізгілікке үндеген ұлық мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға ырыс пен құт-береке, барша бастамаларыңызға толағай табыстар тілеймін!

Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы нығайып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз баянды болғай!

  

Құрметпен,

басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы,

профессор Рахым БЕКНАЗАРОВ