Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Университеттегі «үздік куратор» анықталды

Университеттегі «үздік куратор» анықталды

Байқау

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  орай ұйымдастырылған «Үздік куратор-эдвайзер — 2021» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысы бойынша  «Үздік куратор-эдвайзер — 2021» номинациясын  Әлия Ұлықпанова жеңіп алды.

Байқау топ куратор-эдвайзердің позитивті имиджін  нығайту, озық іс-тәжірибесін насихаттау және жаңа тұрпатты  маман, кемел адам қалыптастыруда куратор-эдвайзер мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған болатын. Бір айға созылған бұл жобада 19 үміткер бақ сынасты.

Марапаттау шарасына университет ректорының міндетін атқарушы, профессор Рахым Бекназаров қатысып, табандылықпен табысқа жеткен жеңімпаздарды құттықтады. Барлық қатысушыға университет ректорының Алғыс хаттары мен 20 000 теңгелік сертификаттар табысталды. Сондай-ақ университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің серіктестері  «Карамельный букет», «streetFood», «master_maiy_stilist», «make_up_marala» және  «Chaplin» кинозалының, «Unidos»  отбасылық кафесінің, «Күнкей» сән үйінің атынан демеушілік сертификаттар мен сыйлықтар тапсырылды. Ал кәсіподақ ұйымының мүшелеріне  10  000 теңгелік ақшалай сыйлықтар мен  «Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпаздарына сауықтыру шипажайында  демалуға жолдама берілді.

Айта кетейік, бұл шарадан бөлек, университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті әлеуметтік желіде «Көрермен көзайымы» номинациясына байқау жариялаған болатын. Мұнда көрермендер фейсбук әлеуметтік желісіндегі тікелей байланыста белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті.

Ақерке САТЫБАЛДЫ

 

/aqtobegazeti.kz/